jasqazaq.kz

Картоп неге қымбаттады?

21 қантар, 16:32

Кешеден бері картоп бағасы күрт қымбаттады. Астанада қаңтар айының басында бір килосы 300 теңге болған. Кеше 400 теңгеден асты. Алматының көкөніс сатушылары бір килосын 450 теңгеден сатып жатыр. Ірі супермаркеттер де бағаны көтерді.

Бүгін аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова осыған қатысты түсінік берді. «Сыртқы нарықта картопқа деген сұраныс өте жоғары. Бұл бір жағынан ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін жақсы. Өйткені өз өнімдерін тиімді бағада сата алады. Алайда баға ішкі факторға әсерін тигізіп отыр. Сыртқы нарықта сұраныс жоғары болғаннан кейін, ішкі нарықта баға көтерілді. Жағдайды тұрақтандыру үшін картоп экспортына тыйым салынды», — деді ол.

Оның айтуынша, тұрақтандыру қорларынан көкөністі тауарлық интервенция ретінде әлеуметтік дүкендерге және нарыққа шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ірі өндіруші кәсіпорындарда 600 мың тоннадан артық картоп бар. Ал тұрақтандыру қорларында 68 мың тонна бар. Ай сайынғы қажеттілік — 168 мың тонна. Бұл өнім мамыр айына дейін жетуі тиіс.

Дегенмен дәл осы картоптың күрт қымбаттағаны күмән тудырады. Өйткені бізде белгілі бір өнім бағасының кенеттен шарықтап кетуі, аяқ астынан тапшылық туындауы жиі болып тұрады. Мәселен, 2022 жылғы «қант дүрбелеңі» біраз әбігерге түсірген. Бұл жолы «таңдау» картопқа түсіпті. Неліктен бүкіл саудагер бір күнде, әрі барлық өңірде (!) картоп бағасын 400 теңгеден асырып жіберді?

Бізде күз айларында бағаны ұстап тұру үшін тұрақтандыру қорына жұрт көп тұтынатын көкөніс түрлері жинақталып, қыс бойы белгілі бір ірі дүкендерге шығарылатыны белгілі. Соған орай, мәселен, Small мен Magnum дүкендерінде баға өзгермеуі тиіс еді. Олар неліктен бағаны көтерді?
Сондай-ақ қыс басталмай тұрып ішкі нарықтағы сұранысты өтеу үшін көктемнің соңына дейін қай көкөністің қандай көлемде қажет болатыны есептелмеген бе?

Jas Qazaq

Фото: canva.com

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр