jasqazaq.kz

«Канело» Головкиннің WBC белбеуіне таласпайтын болды

21 маусым 2017, 13:01

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес алдағы жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкиннің қай белбеулеріне үмітті екенін промоутерлерімен келіспеген сияқты.

Головкин орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулеріне ие. Ал «Канело» Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) басшылығымен жанжалдасып қалған еді. Мексикалық боксшының пікірінше, ұйым оның бұған дейін иеленіп тұрған белбеуді GGG-ге жекпе-жексіз беруге мәжбүр еткен,

«Біз IBF белбеуі үшін жұдырықтасамыз және жекпе-жек күні салмақ өлшейміз. WBC белбеуі бойынша әлі шешпедік», — деп келтіреді boxingscene.com порталы Golden Boy Promotions компаниясының промоутері Эрик Гоместің сөзін.

Алайда «Канело» бұл сөзбен келіспей, орнынан атып тұрып: «Жоқ, мен WBC үшін жұдырықтаспаймын», — деді.

Еске салайық, Головкиннің IBF белбеуіне Дэниэл Джйкобс үміткер болған жоқ еді. Осылайша ол ұйымның шарты бойынша бекітілген жекпе-жек күні болатын салмақ өлшеу рәсіміне келмей, орта салмақ лимитінен асып кеткен еді.

Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекке белгіленген. Бокс кеші T-Mobile аренасында өтеді.

vesti.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда