jasqazaq.kz

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан қаржы жымқырылған

23 қараша 2023, 16:27


Ақтау қаласының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, сондай-ақ мүгедек балаларға арнаулы медициналық-əлеуметтік қызметтер көрсететін денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінің қызметіне тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижелерімен өрт қауіпсіздігі, еңбек, әлеуметтік қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау заңнамалары саласында заңдылықтың бұзылулары анықталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Сонымен қатар бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды.
2022 жылы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бұрынғы директоры өзінің тумаластарын жұмысқа заңсыз орналастырып, іс жүзінде жұмыс жасамай (өлі жандар), ай сайын жалақылары төленіп, сыйақылары негізсіз есептеліп, олардың есеп шоттарына 2,6 млн. теңге аударылған.
Бұрынғы директордың іс-әрекетінде бюджет қаражатын жымқыру қылмыстық құқық бұзушылық құрамының байқалуына байланысты, прокурорламен ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 2) тармақшасында көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тергеу іс-құжаттары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жолданды.
«Басқа да анықталған заңдылықтың бұзылулары бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, 2 мекеме директорына 7 әкімшілік іс-құжаттары толтырылды», -делінген хабарламада.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?