jasqazaq.kz

Кабулдағы жарылыстан екі отандасымыз зардап шекті

31 мамыр 2017, 14:48

Кабулда жойқын жарылыстың салдарынан Қазақстанның екі азаматы зардап шекті.

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Руслан Жайнақов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақстандықтар жарылыс болған жерден 50 метр қашықтықтағы қонақүйде болған. «Біреуі 1982 жылғы, терезенің шишасы оның басына кіріп кеткен. Тағы біреуі — 1991 жылғы азаматтың — аяғы жараланған. Оларға медициналық көмек көрсетілді, қазіргі уақытта олар қауіпсіз жерде. Жарақат алған екеуімен де қазақстандық дипломаттар үнемі хабарласып, көмек көрсетіп жатыр», — деді Жайнақов. Сонымен қатар, Қазақстанның Кабулдағы елшілігі зардап шекті. Ол жарылыс болған жерден 1,5-2 шақырым жерде орналасқан. Қазіргі уақытта дипломаттар басқа да зардап шегуі мүмкін Қазақстан азаматтарын тексеріп жатыр. Қала жабық. ҚР СІМ қызметкерлері Ауғанстан астанасындағы отандастарымызға қауіпсіздік шарасын қадағалауды сұрайды. Сонымен қатар, мына нөмір бойынша: +93-747- 250-343 (WhatsApp) Қазақстанның Ауғанстандағы консулымен хабарласуға болады. Еске салайық, Ауғанстан астанасы Кабул қаласында орналасқан Германия елшілігінің алдында жойқын жарылыс болған еді. Полициядағылардың айтуынша, дипломатиялық ғимараттың алдында жарылғыш зат орнатылған автомобиль жарылған. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша, сағат 08.30-болды. Жарылыс салдарынан 10 шақты адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланды. Қазіргі уақытта ауруханаға 67 адам жеткізілген.

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда