Қызғаншақ әйел көзіне шөп салған күйеуінің көлігін талқандап тастады. Бұл жайтты тамашалаған Қазнет қолданушылары жарыса пікір таластыруда деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеода ер адамның көлігіне ұятсыз суреттер салынып, көліктің талай жері шағылып тасталғаны байқалады. Ал видеоны түсіріп тұрған азамат әйелдердің көзіне шөп салуға болмайтынын ескертуде.
Желі қолданушыларының бірі әйелдің әрекетін жақтаса, енді бірі көліктің еш кінәсі жоқ екенін алға тартты. Ер азаматтардың дені жігіт опасыздыққа барса, кінә әйелдің өзінен деген пікірде. Ал нәзік жандылар, керісінше әйелдің әрекетін оң санап, оған мақтауларын айтқан.