jasqazaq.kz

Кәсіпкерлікке кең өріс

29 мамыр 2017, 18:56

Облыс әкімі Мəлік Мырзалин «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының төрағасы Абай Сарқұловты қабылдап, екіжақты әріптестік жөнінде әңгіме өрбітті.

Кездесуде тараптар өңірде бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау бағытында әріптестік орнату туралы мəселелерді кеңінен талқылап, алдағы міндеттерді белгіледі. Сондай-ақ, кездесуде өңірдегі инновациялық жобалар мен бизнес бастамаларды қолдау үшін қаражат тарту мəселесі де қозғалды.

Жалпы, облысымызда «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынғаннан бері құны 84,7 миллиард теңге болатын барлығы 667 жоба қолдау тапты. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 41 мыңға жетіп, онда 128 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылып отыр. Оның ішінде 498 шағын және орта бизнес субъектілері «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры арқылы субсидия, 160 кəсіпкер несиелеріне кепілдеме алды.

Кездесуде қор өкілдері атап өткендей Ақмола облысының əкімдігі мен «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры арқылы әрқайсысы 150 миллион теңгеден 300 миллион теңге қаржы бөліп, екінші деңгейлі банктер арасында заем алушылар үшін 8,5 пайыздық мөлшерлеме бойынша үлестірілді. Қазіргі кезде аталмыш жоба бойынша барлығы 266 миллион теңгеге 9 жоба қаржыландырылып отыр. Облысымызда бірлесе жүзеге асырылған «Авиценна» емдеу алдын алу мекемесі жəне  «Асыл арман» серіктестігі тəрізді бірқатар жобалар бар. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

Кездесуді қорытындылаған аймақ басшысы өңірде инновациялық жобаларды жүзеге асыру мен шағын жəне орта бизнесті дамыту үшін екіжақты ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда