jasqazaq.kz

Кәсіпкерлерді бопсалап, қарақшылық жасап келген қылмыстық топ мүшелері сотталды

18 мамыр 2017, 12:57

Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәсіпкерлерді бопсалап, қарақшылық жасап келген қылмыстық топ мүшелері сотталды.

25 пен 30 жас аралығындағы топ мүшелері 2013-2016 жылдар аралығында қарақшылық, адам ұрлау, кісі өлтіру сияқты ауыр қылмыстар жасағаны үшін айыпталып отыр. Қылмыстық топтың төрт мүшесі де жергілікті тұрғындар. Араларында бұрын сотталғандары да бар. Сотта белгілі болғандай, топтың жетекшісі 2013 жылы сыбайластарын жинап, облыс аумағында қылмыстық әрекет етуді ойластырған. Топты өзі басқарып, өзгелерінің міндеттері мен рөлдерін өзара анықтап алыпты. Осы арқылы қылмыстық ортада басқа да топтардың беделділерінен басып озуды көздеген. Сөйтіп, ірі сауда орындарын қамқоршылық жасаумен, қарыздар өндірумен айналысқан. Кәсіпкерлерден ақшаларын қорқытып алушылықпен, қажет болған жағдайда адамдарды ұрлап кетумен айналысқан. Бастапқыда Шымкенттегі базарда сауда жасайтын түрлі ұлт нәсілдерінен тұратын саудагер азаматтарынан заңсыз ақша жинап келіпті. Яғни, саудагерлерге сырттай бақылап отыратынын, олардың қауіпсіздігіне жауап беретінін айтады. Басқа қылмыстық топ мүшелерінен келетін қауіп қатерден қорғайтынын түсіндіріп, ол үшін әрқайсысынан ай сайын 70 мың теңгеден алып жүріпті. Жиналған қаражатты түрмеге жолдап, жазасын өтеушілерге жіберіп отырады. Сот отырысына қатысқан облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Қанат Жүнісовтың сөзінше қылмытық топ мүшелері негізінен қарызын өндіре алмай жүрген кәсіпкерлерді тауып, оларды пайдаланып келген. «Олар алдын ала сөз байласып, қарызын қайтармағанды ұрлап кетеді. Қорқытып алушылық әрекеттерін жасау арқылы көліктері мен басқа да бағалы заттарын, ақшаларын иемденіп отырған. Мәселен, қарызданып қалған У деген азаматты ұстап алып, сөзге келмей оны ұрып соғып тепкілеп тастапты. Тіпті көлік жөндейтін ауыр темірді алып, жәбірленушінің басынан бір рет ұрып құлатқан. Кейіннен қала шетіндегі жазық далаға алып барып, атыс қаруымен денесіне оқ атқан. У деген азамат өзінің бас амандығын ойлап, тірі қалу үшін қорқытқандардың талаптарын орындаған», — дейді Қанат Жүнісов. Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың осындай қылмыстарды бірнеше рет жасағаны анықталды. Айыпталушылар кей жағдайларда кісі өлтіруге дейін барыпты. Енді осы қылмыстары үшін олар біраз жылдарын темір тордың арғы жағында өткізетін болды. Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрт айыпталушыны Қылмыстық кодекстің «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», «Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу», «Адамды ұрлау», « Алаяқтық», «Қорқытып алу», «Кісі өлтіру» баптарымен кінәлі деп таныды. Топ жетекшісі 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылса, оның оң қолы 16 жыл мерзімге сотталды. Өзгелері 10 және 12 жыл жазаға кесілді. Барлығының мүліктері тәркіленіп, жазаларын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болды.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда