jasqazaq.kz

Күрестен Еуропа чемпионын өлтіргендердің видеосы пайда болды

07 тамыз 2017, 16:41

Күрестен Еуропа чемпионы 20 жастағы Юрий Власконы белгісіздердің Байкал жағалауында Горячинск ауылының маңында өлтірген сәті видеоға түсіп қалды.

Видео YouTube желісіндегі «Издательский дом «Информ Полис» каналында жарияланды. Видеода қаскөйлердің спортшының басынан бірнеше мәрте соққы жасағаны түсірілген. Басында Власько тойтарыс беріп, орнынан тұрайын дейді, алайда сұлап түседі. 29 шілдеде Власко демалып жүрген бір топ жігітпен жанжалдасқан. Төбелес шығып, спортшы кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған және басына кем дегенде жеті рет соққы тиген. Соның салдарынан ол қайтыс болды. Адам өлтіргендердің кім екені анықталды, олар қамауға алынды. 20 жастағы Власко халықаралық спорт шебері болған, ол 96 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен. Жастар арасында екі рет Еуропа чемптоны атанды. Ресейлік және халықаралық жарыстарда талай мәрте жеңімпаз атанған.

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда