jasqazaq.kz

Күре жолдың бойы көрікті, көрсетілетін қызмет сапалы болуы тиіс

30 мамыр 2017, 11:56

 

Жексенбі күні өңір басшысы аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары  және «Қазавтожол» ҰК» акционерлік қоғамының өкілдерімен бірге Астана-Щучинск бағытындағы автомагистральдің бойында орналасқан бизнес нысандарының жай-күйімен танысты. Ұзын-ырғасы алты сағатқа созылған сапар барысында Мәлік Мырзалин тамақтандыру және сауда, жанар-жағар май құю, техникалық қызмет көрсету станциялары, кемпингтердің жағдайымен танысып, ақпараттық стандтердің көркемділігі және сауаттылығына жіті назар аударды.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі жол бойындағы бизнес нысандарының өкілдерімен жүздесті. Кездесу барысында өңір басшысы халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілуі кезінде жол бойындағы қызмет көрсету орталықтарының қызметінің мінсіз болу керектігіне назар аударды. Қазіргі күні Ақмола облысы отандық және шетелдік туристерді қабылдауға қызу әзірленуде. Щучье-Бурабай курортты аймағының мол мүмкіндігіне орай, келетін меймандардың негізгі бөлігі Ақкөл, Шортанды, Бұланды және Бурабай аудандары аумағындағы күре жолды басып өтеді. Осыған орай, аудан әкімдері мен жекелеген сала басшыларына санитарлық жай мен эстетикалық сәулетке, жол бойындағы қызмет көрсету орындарының өрт қауіпсіздігін сақтауына, қосымша телімдерді көгалдандырып, тазарту, ақпараттық стендтерді орналастыру мәселелеріне айрықша назар аудару керектігін ескертті. Сондай-ақ, Мәлік Мырзалин ұялы байланыс операторларымен бірлесе отырып жедел байланыстың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуін тапсырды. Әр қызметтің барынша сапалы болуы да аса маңызды.

Облыс әкімі туристік қызмет көрсетудің өңір экономикасына қосатын үлесі туралы қадап айта келе, жергілікті кәсіпкерлерді өз бизнестерін дамытып, ортақ іске қомақты үлес қосып, осы шаруаны көрме өткен соң да жалғастыра беру қажет екендігін естеріне салды.

–Жол бойындағы бизнестің жөнге келтірілуі халықаралық көрмеден кейін де қожырап қалмауы керек,–деді облыс әкімі.

Өңір басшысы өз тарапынан туризм саласын қолдап, дамытуға барынша көмек көрсететінін жеткізді.

Жұмыс сапарының соңында Мәлік Мырзалин жол бойындағы қызмет көрсету орындарының жай-күйін жақсарту және инфрақұрылымдардың жаңа жобаларын қолға алу бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда