Кәмшат Жолдыбаеваның басы тағы дауға ілікті. Актриса іш киімін жарнамалаймын деп ұятқа қалды.
Кәмшат желідегі парақшасына іш-киімнің суретін салып, қыздарға жарнама жасады. Мұны көрген оқырмандар ашуланып кетті.
“Осындай деңгейге жеттің бе?”, “Масқара, ұяттан безген”, “Өзің қолданатын іш киім бе?”, “Бәрін қойып, осы қалыпты ғой”, “Мұныңыз ұят қой, әп-әдемі арусыз, іш-киімді жарнамалауға ұялмайсыз ба? Не деген адамсыз? Масқара. Ашық-шашық клип түсіргеніңізге қарамайық, бірақ мұндай нәрсені салғаныңыз жарамады”, “Жарнамалайтын басқа зат қалмаған ғой”, “Тым ұятсыз болып бара жатсыңдар”, – деп сынады желі оқырмандары.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.