Жас әнші Дана Кентай халыққа “Қоңырау” атты әнге түсірген бейнебаянын ұсынды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Көңілді ырғаққа құрылған әнге түсірілген клип те тыңдармандардың көңілін көтерді. Көпшілік отандық шоу-бизнестің жаңарып келе жатқанын, бұрын-соңды болмаған стильде ән айтатын әншілердің көбейіп келе жатқанын айтты.
Айта кетейік, Дана Кентайдың “Ұмыттың қалай?” атты әні жастар арасында кеңінен танымал. Әнші өнердегі ағасы Абай Бегеймен бірге жиі гастролдік сапарға шығады. Қос әншіні жиі бірге көретін жұрт бір кездері оларды жұптастырып та қойған еді.