jasqazaq.kz

Көкшетауда судьяны өлтірген күдікті ұсталды

14 маусым 2017, 11:29

Көкшетауда Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер бойынша алқа төрайымы Жанна Бердықұлова өз үйінде өлтірілді.

Полицейлердің дерегі бойынша қанды оқиға маусымның 13-і күні болған. 1971 жылы туған әйелдің мүрдесі өз үйіндегі жуынатын бөлмеден табылды. Қаскөйдің қолынан ажал құшқан әйелдің Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер бойынша алқа төрайымы Жанна Бердіқұлова екенін облыстық соттың баспасөз қызметі растап отыр. «Марқұмның мойнында қылқындырып өлтіру әрекетінің іздері бар. Қазіргі кезде, сот-медициналық сараптама жұмыстары тағайындалды. Осы оқиғаға күдікті 1984 жылы туған көкшетаулық азамат ұсталып, түсініктеме алынды. Күдіктінің осыған дейінде ауыр қылмыс жасағаны үшін істі болғаны анықталып отыр. Қазіргі кезде, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 99 бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметінен.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда