jasqazaq.kz

Көксай шатқалындағы сарбаздардың қазасы үшін офицер сотталуда

16 тамыз 2017, 16:45

Шымкентте Жамбыл облысындағы жеті әскери қызметкердің қазасына айыпталушы офицердің соты басталды.

Шымкент гарнизонының әскери соты сайтына сүйенсек, Бақыт Шойбековтың соты сейсенбі күні басталыпты.

Жергілікті otyrar.kz сайтындағы ақпарат бойынша, Жамбыл облысы 91 678 әскери бөлімшесінің штаб бастығы, майор Шойбековке қызметіне салғырт қарады деген айып тағылған, қазір ол кепілмен босатылған.

Сотта әскери бөлімше өкілі сотталушыға мүліктік талаптар қоймайтынын мәлімдеді. Бөлімшенің офицерлері жиналысында, әскери қызметкерді бас бостандығынан айырудан басқа жаза қолдану туралы өтініш жазылып, сотқа берілген.

Сайт атап өткендей, қайғылы оқиға қарсаңында бөлімше командирі қызметтік сапармен кетіп, басшылық міндет штаб басшысының мойнында болған. 16 ақпанда таудағы ауа райының бұзылатындығы туралы дабылды ескерту шыққанына қарамастан, әскерилер тобы Көксай шатқалына оқу-жаттығуға аттаныпты.

Прокуратура мәлімдеуінше, майор Шойбеков топты оқу-жаттығу орнына жіберерде, жеке құрамның қазасы мен жарақат алуының алдын алатындай шаралар қолданбаған.
Сотталушы айыбын толығымен мойындады.

sputniknews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда