jasqazaq.kz

ҰҚК өкілдері жоғалған қызметкерге қатысты мәлімдеме жасады

06 қыркүйек 2017, 16:22

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері жоғалған қызметкерге қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Астана қалалық ІІД өкілдерімен бірлесіп, істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары кешені мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Із-түссіз жоғалып кеткен Сәкен Шакеевке қатысты іс сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. «ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмеуге тиіс. Олар, егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкін деп танылса, сол көлемде жария етілуі мүмкін», — деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте Астанада ҰҚК қызметкерінің жоғалып кеткені хабарланған болатын. 32 жастағы Сәкен Шәкеевтің туыстары биылғы 21 тамызда ер адамның жұмыстан оралмағанын айтты. Әлі күнге дейін оның қайда екені белгісіз. Жұбайы Салтанат Шәкеева күйеуінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері екенін және Астанада жұмыс істегенін хабарлаған еді.

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті