Сəлеметсіздер ме? Өтініш, атым жасырын болсыншы. Мені дұрыс түсінулеріңізді сұраймын. Менің айтайын дегенім отбасылы болғанымызға 12 жыл болды. Екі балам бар. Екеуміз бір бірімізді жақсы көреміз. Күйеуімнің көңілі басқа жанға ауып кетеді деген еш ойымда болмапты.
Соңғы екі жылда күйеуім қатты қыдыратын болды. Енді міне төрт айдан бері кездесіп жүрген бір қызы бар келіншекті тоқалдыққа алғысы келеді. Мұның қалай десем, онда тұрған не бар дейді. «Екеуің маған бірдейсіңдер. Екеуіңді де жақсы көремін. Мен сені жылатып, балаларымды тастап кетпеймін. Бірақ оны да сенің рұқсатыңмен алғым келеді. Мен оны жақсы көремін. Үйленгім келед. Бірақ сені тастап оған үйлене алмаймын» дейді.
Қалай ойлайсыздар, ол менімен тек балалар үшін тұрып жатыр ма? Ақыл кеңестеріңізді берсеңіздер. Не істесем болады?Оны жібергенім дұрыс па? Күні-түні сол əйелмен сөйлеседі, ойлап қиналады. Мен ол əйел туралы айтсам, қызғыштай қорып шығады. Өтініш, сөкпей кеңес беріңіздерші. Бұл жай нəрсе емес. Осымен менің өмірім таразыға салынып тұр.