jasqazaq.kz

Күйеуі мен әйелі бір анадан туған бауырлар болып шықты

26 қыркүйек 2017, 16:49

53 жасар Эрве мен 46 жасар Роуз-Мари Францияның солтүстік-шығыс өңірінде өздерін асырап алған әртүрлі отбасыда тәрбеленген. 2006 жылы олар танысып, бір-біріне ғашық болып, отбасын құрған. Олардың отбасы толығып, қыз бала дүниеге келгеннен кейін оған туу туралы куәлік алуға барғанда, билік органдары олардың өтініштерін қанағаттандырудан бас тартқан. Себебі, Эрве мен Роуз-Мари бір анадан туған ағалы-қарындасты бауыр болып шыққан, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасап reactor.inform.kz хабарлады.

Мәселенің мән-жайына кеңірек тоқталсақ: Францияда баланың туу туралы куәлігінде оның ата-анасының біреуінің ғана аты-жөнін көрсетуге заңмен рұқсат етілген. Сондықтан, 2016 жылы сот құжаттан анасының есімін алып тастауға шешім шығарған, себебі қан араласуы, яғни қыздың ата-анасының жақын туыстар болып шыққанын ешкім білмеуі тиіс.

Осылайша, ерлі-зайыптылар қыздары дүниеге келген соң ажырасып кеткен. Ал, Роуз-Мари сот шешіміне шағымданып, өзінің қызының құжатында оның ата-анасының екеуінің де аты-жөндері көрсетілуін талап еткен.

«Менің қызымның әкесі өзімнің ағам болып шықты, мен оны бұрын білмегенімді сотта дәлелдеп шықтым», — дейді ол.

Қазір сегіз жасар Осеан анасымен бірге тұрып жатыр, ал оның әкесі, яғни анасының ағасы оның тәрбиесіне мүлдем араласпайды десек те болды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда