ДАИШ террористерінің тұтқынында болған Язидка басынан кешкен сұмдық оқиғалаырмен бөлісті. Мысырлық БАҚ-қа берген сұхбатында, әйел өзінің ұлының етін білмей жеп қойған.
Террористер оның ұлын өлтіріп, етін күрішпен араластырып әйелнге берген. Үш күн бойы тамақтанбай жертөледе отырып, әбден қарны ашқан әйел ұсынған тамақты жеген. Сол сәтте терроистер тәрелкедегі еттің адамға тиесілі екенін, одан қалса, оның ұлының еті екенін айтқан. Сондай-ақ, әйел кішкентай қыздарды мазақ қылған, қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен террористер жайында да айтып берді. Қыз балаларды өлтірер алдында, алдымен қызығына батып алатын көрінеді. Сирияға шекаралас жатқан Ирактың солтүстігіндегі Синжар таулы аймағын күрдтердің этно-діни қауымдастығы мекендейді. Дәл сол қауымдастық террористердің кесірінен азаптан көз ашпай келеді. Әйелдің айтуынша, олар араб емес, тіпті ислам шарттарын мүлдем ұстанбайды. Ал жиһадшылар оларды әбден қорлайтын көрінеді, оларға қарсы нағыз геноцид жүргізеді. Ер адамдарды өлтіреді, әйелдер мен балалар күң болады, сонымен қоса, сексуалдық құлдыққа да мәжбүрлеп көндіреді.