jasqazaq.kz

Күдік тудырған видео! Өзбекстанға қыдырып барған Семей тұрғыны қамауға алынды

06 маусым 2017, 21:24

Семей тұрғыны Өзбек түрмесінде қамауда жатыр. Отандасымыз Виталий Ненченко көрші елдегі туыстарына бармақ болған көрінеді. Алайда оның ұялы телефонының ішіндегі бейнеролик өзбек полициясының күдігін тудырған. Ал зар қақан жақындары оның тіпті қандай ролик болғанын біле алмай дал. Тек, Виталий Ненченконың 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін, сондағы қорғаушыларынан біліпті.

Виталий Ненченко демалысында отбасымен бірге Ташкент- Самарқанд- Бұқарада тұратын туыстарын араламақ болған. Алайда, шекарадан өте сала өзбек құзырлы орындарының көзіне түсіпті. Ұялы телефонын тексерген «Келес» станциясындағы полицейлер сол жерде жібергенімен, кейін қолына кісен салған. Оған себеп, WhatsApp месенджері арқылы келген екі бейнеролик көрінеді. Ал, жарының айтуынша, өзі мұны көрмек түгелі, жүктеп те үлгермеген.

Тамила Бекшенева, Виталий Ненченконың жұбайы:

-Біз 5 күн емін-еркін жүрдік. Виталийге түсініктеме жаздырып жіберген болатын. Сөйтіп, Самарқанд пен Бұқараны түгел араладық. Егер кінәсі болса, қашып кетуімізге болатын еді ғой. Біраз күннен соң жолдасымды шақырды. Прокурормен сөйлессе керек, 28-ші мамыр күні бірден маған қоңырау шалып, қорғаушы тауып келуімді сұрады.

Отандасымыздың осындай айыппен көрші елде қамауда жатқанына екі аптаға жуық уақыт болды. Ал, оның амандығын біле алмаған жақындары не істерін білмей дал. Тек, Виталийге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы сондағы қорғаушыларынан естіпті.

Юлия Медведева, Виталий Ненченконың қарындасы:

-Онда ешқандай экстремистік бағыт жоқ. Өзі дінге де сондай берілмейтін. Тіпті, 37 жасына дейін қылмыстық тұрмақ, әкімшілік жауапкершілікке де тартылмаған болатын.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі, бұл істі Өзбекстандағы елшілік бақылауға алғанын жеткізді. Алайда, Виталийдің жағдайы әзірге белгісіз көрінеді.

Естеріңізге салсақ, 5 жыл бұрын тағы бір отандасымыз өзбек түрмесіне қамалған болатын. Оның да қолындағы нетбугынан күдікті видео табылып, экстремистік уағыз жүргізді деген айыппен ақыры 5 жылға сотталды. Виталий Ненченконың жақындары да енді осылай 10 жылға дейін сотталып кетеді деп үрейленіп отыр.

КТК

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда