jasqazaq.kz

Үйінен қашып кеткен екі жеткіншек Талдықорғаннан табылды

18 мамыр 2017, 13:59

Үйінен қашып кеткен екі жеткіншек Талдықорғаннан табылды. Ата-анасы мен, тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған балалар қаладағы Бикен Римова атындағы драма театрдың маңында алаңсыз жүрген.

Олар 80 шақырым жерден Талдықорғанды көру үшін келгендерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 11 және 12 жастағы ұл балалар Кербұлақ ауданындағы Шұбар ауылының тұрғындары болып шықты. Із-түзсіз жоғалғаннан кейін ата-аналары полицияға жүгінген. Екі жеткіншекті Кербұлақ ауданының ювеналды полициясының қызметкерлері тапты. «Ата-аналарының сөзінше, балалардың бұған дейін мұндай әрекеті болмаған. Олар еш уақытта рұқсатсыз басқа жерге бармаған. Қазір балалар ата-аналарына қайтарылды»,- дейді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ облыстық полицейлердің мәліметінше, соңғы екі тәулік ішінде із-түссіз жоғалған 20 адамның мекенжайы анықталған. Олардың 8-і жеткіншектер.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда