jasqazaq.kz

Үйіне айлап жатып алатын қайын жұртынан мезі болған келіншек қазақстандықтардан көмек сұрады

06 қыркүйек 2017, 13:49

Астана тұрғыны үйіне айлап келіп жатып алатын туыстарынан мезі болғанын айтады. Сөзіне сенсек, тіпті қонақтар пәтерақысын төлеуге көмектеспейді екен. Осы орайда, ол қазақстандықтарға өтініш білдірді.

“Менің айтайын дегенім  – қайын жұрт мәселесі. Өзімнің тұрмыс құрғаныма 5 жыл болды. Оңтүстікке ұзатылдым. Күйеуім өзімнен 11 жас үлкен. Бүгінде 3 жасар ұлымыз бар. Екіншісіне аяғым ауыр. Күйеуімнің жұмысына байланысты қазір Астана қаласында бір бөлмелі пәтерде тұрып жатырмыз. Айына пәтерақы 90 мың, қосымша коммуналдық төлем бар. Туыстарымыз келіп пәтерімізге жатып алады. Не пәтерақыны төлеуге көмектеспейді, не аз да болсын жәрдем бермейді. Киімдерін жумайтын, түскен ваннасын тазаламайтын ағайындарымыз келді.

Өзіміз тар бөлмеде тұрып жатқанымызға қарамастан, балаларымен келіп жатып алғандар да болды. Бәріне күйеуім үшін көндім. 3-4 айдан бері үйде жатып жұмыс істеп жүр. Одан қалса келіп-кететін қонағымыз таусылмайды. Бәрінде ұят жоқ! Осылар қалай күн көріп отыр екен демейді. Құдай үшін, ауылдағы ағайын, балаларыңызды оқытқыларыңыз келсе, жатақханаға жіберіңіздерші. Жұмыс істеуге жіберсеңіздер, пәтер ішінен арзан бөлме жалдауға болады. Өзіміз қыз болсақ та, сондай жерлерде тұрып жұмыс істедік.

Балаңызға сенбесеңіз, оны қалаға жібермеңіз. Ағайын арасындағы ренжісу осыдан басталады. Себебі соның үйінде жатып асын ішіп алып жамандайтындарға айтарым: “Су ішкен құдығыңа түкірме”. Мына заманда біреу-біреудің үйіне сыймақ түгілі, тамақ жеуге барудың өзі ұят болып бара жатыр. Тағы да “Балаларыма дұрыс қарамайсың” деп айтатындарға “Бірінші балаңызды тәрбиелеңіз”. Қатты ашуым келді. Қазірдің өзінде кетіп қалғым келіп жүр. Күйеуімді аяп кетемін. Мені дұрыс түсініңіздер!” – дейді келіншек.

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

stan.kz

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті