jasqazaq.kz

Әйгілі “Титаник” әнінің авторы Димашқа ерекше құттықтау жолдады (видео)

25 мамыр 2017, 11:34

Кеше Қазақстанның атын шартарапқа танытқан Димашты туған күнімен бүкіл әлем жарыса құттықтады. Қазақ әншісіне жүрекжарды тілектерін арнағандардың ішінде қарапайым халық та, әлемге танымал тұлғалар да болды.

Әйгілі “Титаник” фильмінің Селин Дион орындайтын саундтрегін әлемде білмейтін адам кемде кем. Миллиардтардың жүрегін елжіреткен My heart will go on әнінің авторы, аты жер ғаламға мәшҺүр композитор Уолтер Афанасьефф Димашқа ерекше құттықтау жолдады.

Америкалық композитор “Туған күніңмен” әнін фортепианода орындап, артынша Димашқа деген тілегін жеткізді. Құттықтау видеосын Алпамыс Шәрімов желіге жүктеді.

“Дәл қазір Америкадан Лос Анджелестен келген бұл құттықтаудың орны ерекше?! Бұл кім дейсіздер ғой?
Атақты, Джеймс Кэмерон түсірген “Титаник” фильмінің бас әні “My Heart Will Go on” әнінің авторы, екі мәрте Грэмми сыйлығының иегері, Уитни Хьюстон, Мэрайи Кэри, Селин Дион, Дэвид Фостер т.б әлемдік мықтылармен серіктес болып, көптеген xит әндерді жазған, атышулы Sony Music-тің бас продюсері, Голливудтың танымал өкілі Уолтер Афанасьефф мырза! Мұндай тұлғаларды Мықтылардың мықтысы деуге болады!” – деп жазды Алпамыс.

Өз тілегінде Уолтер Афанасьевфф Димашқа өнері үшін алғыс айтып, оған денсаулық, бақыт тіледі. Таңғалдырарлығы, америкалық композитор орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеген.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

 

Дәл қазір Америкадан ЛосАнджелестен келген бұл құттықтаудың орны ерекше?! Бұл кім дейсіздер ғой??? Атақты, Джеймс Кэмерон түсірген «Титаник» фильмінің бас әні «My Heart Will Go on» әнінің авторы, екі мәрте Грэмми сыйлығының иегері, Уитни Хьюстон, Мэрайи Кэри, Селин Дион, Дэвид Фостер т.б әлемдік мықтылармен серіктес болып, көптеген xит әндерді жазған, атышулы Sony Music-тің бас продюсері, Голливудтың танымал өкілі Уолтер Афанасьефф мырза!!! Мұндай тұлғаларды Мықтылардың мықтысы деуге болады! Спасибо, Thank you, Walter!!! #dimashkudaibergen #dimash #myfriend #kazakhboy #dears #DQ #walterafanasieff

Публикация от Alpamys Sharimov (@asharimov)

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда