jasqazaq.kz

Әйелін 22 жерден пышақтаған Азаматтың соты басталды

26 тамыз 2017, 12:09

Алматы облысында өз әйелін айуандықпен өлтірген Азамат Құлымбетовке қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Stan.kz «31 арнаға» сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпан айында «Асыл арман» ықшам ауданында орналасқан дәріханада Жанар Насырованы 13 жыл отасқан күйеуі 22 жерінен пышақ салып, өлтірген болатын.

Дәріханада орналасқан бейнебақылау камерасына Азамат Құлымбетовтың қоршаудан секіріп кіріп, өз әйелін аяусыз пышақтап жатқан сәті анық түсіп қалған. Қорғаныз әйелдің пышақ кірмеген сау жері қалмаған, соңғы рет күйеуі суық қаруды мойын тұсына тығып, өзі оқиға орнынан бой тасалаған. Жанар Насырова ауыр жағдайда Алматыдағы №7 қалалық ауруханаға жеткізілген, алайда 3 ота жасалса да дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

“Құлымбетов Азамат Тұрғымбековичке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабының 1 бөлігінде көрсетілген басты сот талқылауы ашық деп жарияланады”, – деді судья Айгүл Қасенова.

Ұзынағаш ауылының тұрғыны, 34 жасар Азамат Құлымбетовтің фельдшерлік орта білімі бар екен. Алайда, марқұмның туыстары оны мамандығы бойынша ұзақ жұмыс істемеді, кейінгі жылдары тек әйелінің тапқанына қарап отырды дейді. Сот барысында еркектің араққа құмар екендігі әрі әйеліне бұрын да қол көтергені белгілі болды.

“Жанарға көрсетпегені жоқ, қолын да күйдірді. Соның бәрін біз естіп, біліп қойсақ мен кішкентай кезімнен әкесіз қалдым, сондықтан екі баламды әкесіз өсіргім келмейді, мейлі мен бәріне шыдаймын деп жүргендегі жағдай осындай болды”, – дейді марқұмның нағашы апайы Нұрғайша Малдыбаева.

Ал қаңтардың бірі күні жастардың екі бөлмелі үй тұтастай өртеніп кеткен. Марқұмның туыстары өртті араққа сылқия тойып алған күйеу баласы жасады деген ойда. Өрттен кейін жолдасының қорлығынан шаршаған Жанар ажырасуға бел буған. Әйелін пышақтағанда жаны ашымаған еркек судьяның мейірімінен үміт күтті ме, «ажырасқым келмеген» деп, көз жасына ерік берді.

“Мына туысқандардың бәріне звандадым, бәріне бардым. Болатхан аға бәріңіз үйде болдыңыздар мен барған кезде. Сіздер қызық көрдіңіз біреу ажырасып жатқанға. Қосыңыздаршы бізді деп, 13 жыл бірге тұрдық, болмайды ғой ажырасқанға деп. Мен қалай 13 жыл баққан балаларымды біреуге беріп қоям”, – дейді айыпталушы Азамат Құлымбетов.

Азамат Құлымбетов ауыр қылмысқа көзіне шөп салған әйелін қызғанғандықтан бардым деді. Алайда марқұммен бірге істеген әріптестері Жанардың жуас, еңбекқор әрі адал әйел болғанын айтып, марқұмның аруағын қорламауды сұрады.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда