jasqazaq.kz

Әйелі мен баласын қызметтік көлігімен тасыған әкімнің басы дауға қалды

29 қыркүйек 2017, 16:13

Қостанай облысында ауыл әкімі әйелі мен баласын мектепке қызметтік көлігімен жеткізіп салғаны үшін жазаланды деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің баспасөз қызметі. 

«15 қыркүйек күні таңғы сағат сегіздер шамасында, яғни жұмыстан тыс уақытта Затобольск ауылының Наушабаев атындағы мектепке ВАЗ 21214 нөмірлі қызметтік көлік келеді, көліктің ішінен әйел мен бала түсіп, мектепке кіріп кетеді.

Біраз уақыт өткеннен кейін әйел мектептен шығып, жүргізушімен бірге кетеді.

19 қыркүйек күні таңертең сағат 8 шамасында мектепке қайта сол көлік келеді, машинадан әйел мен бала түседі. Көлікті Қостанай аудандық ауыл округінің әкімі басқарып отырған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Департамент қызметкерлері қайта тексеріс жүргізіп, материал қорытындылары этика жөніндегі кеңеске жіберілді.

«Мемлекеттік қызметшінің іс-әрекеттерінде мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі нормаларын сақтамау фактілері дәлелденді. Әкім өзінің кінәсін толық мойындап отыр. Ол сол күндері Глазуновка ауылынан (облыс орталығынан 30 км жерде) қызметтік көлікте келе жатып, әйелі мен баласын мектепке апарып тастаған», — деді водемствода.

Әкімге қатаң сөгіс жарияланды деп хабарлады департаменттегілер.

nur.kz

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті