jasqazaq.kz

Әйел – қоғамды тәрбиелейді

10 тамыз 2017, 21:44

Ұлттық құндылықтарды насихаттаудың ерекше тәсілін Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі іске қосты. Шалғай ауылдарды аралап, аналармен кездесіп жүрген мекеме жақында Құрманғазы ауданында болды.

Облыстық деңгейде өткен аналар кеңесі форумының басты ерекшелігі — Құрманғазы аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылған қолөнершілердің көрмесі болды. Ұмыт болып бара жатқан ұлттық нақыштағы тоқыма бұйымдарды, бейнелеу өнері әлемінің тамаша туындыларын келушілер назарына ұсынған көрме негізінен жергілікті шеберлердің қатысуымен жасақталды. Яғни, көрмеге Ганюшкин, Ақкөл, Дәшін, Теңіз ауылдық округтерінің қолөнер шеберлері Ғалия Рысқалиева, Надя Жамелова, Лариса Ризуанова, Доғдырхан Кесікбаеваның қолынан шыққан өнер туындылары қойылды. Көрме жұмысына Абай және Ә.Сәрсенбаев орта мектептері оқушыларының да қатыстырылуын жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды тетік десек болады.

«Ақ» сөзі қашанда пәктіктің, адалдықтың, «орамал» — бірліктің, бітімгершіліктің бейнесі ретінде танылады. Ақ жаулықты аналарымыз — қазақы салт-дәстүріміздің, ибалылық пен имандылықтың жиынтығы іспетті. Көрмеде осы мәселені баста назарда ұстауға тырыстық. Себебі, әйел — қоғамды тәрбиелейді» дейді «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Тамара Аман-Турлина.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда