Қытайда 32 жастағы әйел көңілдесінің әйелінен қашам деп ажал құшты.
Әйелден қорыққан ашынасы 3-қабаттағы терезеден секірмек болады. Алайда абайсызда тоққа ілініп қалған.
Тоқ соққан әйел сол жерде көз жұмды. Оның аяғы сымдарға ілініп қалғандықтан денесі көңілдесінің жатын бөлмесі алдында біраз уақыт салбырап тұрды.
Желі қолданушыларының бірі әйелге аяушылық білдірсе, енді бірі оның солай жазаланғанын жөн деп тапты.