jasqazaq.kz

Ізгі ниетпен

10 қыркүйек 2017, 9:55

Кеше облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков Польша мемлекеті Нижнесилезское воеводының маршалы Цезари Пшыбылский мен сейм депутаттарын қабылдады.

Ынтымақтастық кездесуде Асхат Қайнарбеков Польшаның делегациясын облыстық мәслихат депутаттарымен және салалық басқармалардың өкілдерімен таныстырды. Ақмола облысының аграрлы-индустриалды аймақ екендігін айтып, бізде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, машина құрастыру, құрылыс саласы жақсы дамығандығын айтып өтті.
Туризм саласын дамыту мәселелеріне тоқталып, тасымалдық-логистикалық тұрғыдан келгенде өңіріміздің географиялық орналасуы өте ыңғайлы екендігін жеткізді. Сонымен бірге, аймақта инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асыруға болатын жобалардың көптігіне, ол үшін елімізде инвесторлармен жұмыс істеуге арналған құрылымдардың бар екендігіне назар аударды.
Нижнесилезское воеводының маршалы Цезари Пшыбылский да өз қарамағындағы аймақтың географиялық және экономикалық жағдайларына назар аударып, туризм, құрылыс, бизнес, тасымалдау жақсы дамығандығын кеңінен әңгімелеп берді. Воеводта 4 арнайы экономикалық аймақ орналасқан. Кен-байыту және өңдеу фирмаларына тоқтала келіп, автокөлік құрастыру, құрылыс фирмаларының молдығына назар аударды. Сонымен бірге, велосипед жолдарын салу тәжірибесімен бөлісті. Жалпы, екі жақты әңгіме барысында туризмді дамыту, құрылыс, табиғи өнімдерді пайдалану мен экспорттау, бизнес саласын дамыту мәселелері талқыланды.

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті