jasqazaq.kz

IT жұлдызы Аружан: Үш күнде сайт жасадым (Видео)

15 сәуiр 2023, 0:52

Бүгін елімізде IT саласының жұлдыздары анықталды. Web-Хакатон деп аталатын байқау оқушылар арасындағы ең үздік ІТ мамандарының басын қосты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Елбасы академиясы ұйымдастыратын жарысқа жыл сайын 14-17 жас арасындағы жасөспірімдер қатысады. Биыл оның саны 500-ге таяды. Солардың ішінде тек 41-і ғана финалға өтті.

Қанат Ысқақов, ұйымдастырушы:

— Байқау екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең онлайн болды. Қатысушыларға тапсырманы орындауға 72 сағат берілді. Олар сайт құру жөнінде немесе дизайн бойынша тапсырма орындады. Сөйтіп төрт талап бойынша ең көп ұпай жинаған он баланы Астанаға шақырттық. Олар финалда қазылар алқасының алдында өз жобасын қорғады.

ІТ саласына қызығып жүрген балаларға әртүрлі тапсырма берілген. Қатысушыларға сайт ашу, веб-сайттарды безендіру, дизайнерлік шеберлікті көрсету сияқты тапсырма берілген. Мұнда таңдалған баланың бәрі талантты дейді ұйымдастырушылар. Олардың көбі ІТ жүйеде жұмыс істеуді кәсіби түрде оқып, айналысып жүр. Бірнеше жылдан кейін өз стартаптарымен жаңа жоба әкелетініне сенімді. Web-Хакатон байқауына жасөспірімдер арасында жыл сайын қызығушылық танытып жатқандар аз емес.

Аружан Амангелді, қатысушы:

— Хакатон ол менің мақсаттарыма, білесіз бе, қолдау сияқты болып келді. Менің ұстазым мектептегі информатика пәні ұстазы осы Web-Хакатонға қатысып көр деп айтқан. Үш күннің ішінде бірінші, екінші күні осы сайттарды жасап-жасап, үшінші күнде ой маған ұнамай қалды деп, оны қайтадан үшінші күнге бәрін ауыстырып жібердім. Бірақ сонда да өтіп, осы финалға келіп тұрмын.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда