jasqazaq.kz

«Ит болса да, алқаш болса да, өз еліңнің адамына тұрмысқа шық» (Видео)

10 сәуiр 2024, 16:52

Корей ұлтының азаматына тұрмысқа шыққан Аселлиа есімді блогер шетелде қиналып жүргенін айтып, желі қолданушыларына жан сырын ақтарды. Бұл туралы Caravan.kz жазды.

Оның айтуынша, өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қыз шетелде барлық жағынан күйеуіне тәуелді болады.
«Осы видеоны көріп отырған қаншама жас қызға шетелге тұрмысқа шықпаңыздар дегім келеді. Өйткені сен бөтен елде күйеуіңе тәуелді боласың. Оның айтқаны заң болады. Тіпті балаларың ауырып қалса, ақша болмағаннан кейін оларға дәрі әпере алмайсың. Шет елде жұмыс та істей алмайсың. Ит болса да, алқаш болса да өз елдеріңіздегі адамға тұрмысқа шығыңыздар. Өз еліңде балаң ауырып жатса, бір жерге барып пол жусаң да, біреудің әжетханасын тазаласаң да ақша тауып дәрі алып бере аласың», — дейді кәріс ұлтының азаматына күйеуге шыққан Аселлиа.
Желі қолданушылары қазаққа тұрмысқа шыққан қыздардың да жағдайы мәз емес екенін жазып, жұбатып жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @asellia.goon

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?