Никарагуада денесіне жын кіріп кеткен 13 жастағы қыз бала ата-анасына тап берді. Қатты шошып қалған жақындары дін қызметкерін шақыруға мәжбүр болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы mirror.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Пастор қыз баланың денесінен жынды қумақ болған сәтінде ол айқайға басып, қарсылық көрсете бастаған. Қыздың жақындары оны жабыла ұстап, тыныштандыруға тырысуда.
Белгілі болғандай, қызды ата-анасы бұған дейін жергілікті емшіге қаратып, «шөп дәрі» ішкізіп үлгерген. Алайда бөтен дауыспен айқайлап, айналасындағының бәрін сындыра бастаған жеткіншекке бұл көмектесе қоймаған.
Ақыры көмекке дін қызметкері шақырылады, бұл жайттың немен аяқталғаны белгісіз.