jasqazaq.kz

Исаева: Қабанбай ауылында аусыл тарады деген ақпарат жалған

28 қыркүйек 2017, 15:02

Қабанбай ауылында аусыл тарады деген ақпарат жалған. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатынан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Фейсбук әлеуметтік желісінде Қабанбай батыр ауылында сиырлардан аусыл шығып, карантин енгізілгендігі және ауыл тұрғындарының ірі қара малын арзанға сатуға тырысып жатқандығы туралы ақпарат тараған болатын. Осы мәселенің мән-жайын ашып берген вице-министр: «Зерттеу нәтижесінде оның пастереллез екендігі анықталды. Өздеріңізде білетіндей, осыдан үш жыл бұрын бізде проблема туындап, еліміздегі көп киіктер қырылып қалған болатын. Ол ақбөкендердің қоныс аудару жолында жатыр. Ол жерде пастереллез қоздырғышы бар. Біз бұл ошақты жоюға тырысудамыз. Бірақ мұның аусылға еш қатысы жоқ», — деді. Оның атап өтуінше, пастеррелездің таралуына табиғи-климаттық жағдай әсер еткен. Дегенмен, ең басты себептерінің бірі киіктермен қатысты болып отыр. Сондықтан да бұл проблеманы түбегейлі шешу үшін, яғни пастереллездің қайта өршуіне жол бермеу мақсатында алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда