jasqazaq.kz

«Ирма» дауылының ішімен ұшқан ұшақтың видеосы жарияланды (видео)

08 қыркүйек 2017, 11:58

Ұлттық мұхиттағы және атмосфералық әкімшілік (NOAA) қызметкерлері «Ирма» дауылының ішімен ұшқан ұшақты видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

2 минутқа таяу уақытқа созылатын бейнероликті NOAA «Дауыл аңшылары» (Hurricane Hunters) деген атпен өзінің твиттер парақшасында жариялады.

Ғалымдардың айтуына қарағанда бұл бейнеролик зерттеу мақсатында түсірілген. Яғни, табиғи апаттың қаншалықты қатерлі екенін мүмкіндігінше жақыннан көріп, бақылау керек болған.

«Ирма» — АҚШ-тың оңтүстік-шығыс аймағында тамыздың соңында орын алған жойқын табиғи апаттардың бірі. Ол «Харви» дауылынан да күшті.

Соңғы мәлметтерге қарағанда бұл дауыл салдарынан 60 адам қаза болып, Техас штатына келтірілген зиян көлемі 150-ден 180 млрд доллар көлеміне жетті. Сонымен қатар, «Ирма» Атлантикада соңғы он жылда тіркелген ең үлкен табиғи апат.

Естеріңізде болса, бұған дейін де табиғи апат салдары кезінде түсірілген видеоларды жариялаған болатынбыз.

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті