Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен Ақмола облыстық аумақтық жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы басқармасының баспасөз конференциясы барысында белгілі болды.
Сонымен қатар, басқарма басшысы Айдар Дарбаев Ақмола облысында қазіргі кезде балықшаруашылық маңызы бар барлығы 108мың 140 га аумақты алатын облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген 510 суқоймасы бар. Оның ішінде 303 суқоймасы 228 тұтынушыға бекітіп берілді, бұл 60 % пайызды құрайды.
Өңірде аквамәдениетті жүргізумен 21 балық шаруашылық субъектілері айналысуда. 2017 жылға 17 тонна көлемінде тауарлық балықты алу жоспарланған, ал 2021 жылға дейін оның көлемін 68 тоннаға дейін ұлғайту.
Бұдан басқа, жыл сайын 1-31 мамыр аралығында «Таза суқоймалары» атты айлық өтеді, инспекция мамандары қазіргі кезде тұтынушылар мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесе суқоймаларын тазарту бойынша белсенді жұмыстар атқаруда, «Қопа», «Шағалалы», «Селеті» және «Вячеславское бөгені» тазартылды, 15 тонна қоқыс және 2 км балық аулайтын торлар жиналып жойылды.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша суқоймаларына балық жіберудің жылдық жоспары уақытылы орындалады — деп, Айдар Дарбаев атап өтті.