jasqazaq.kz

Иранда Тегерандағы шабуылға қатысы бар сегіз күдікті ұсталды

10 маусым 2017, 18:55

Иран құқық қорғау органдары Тегерандағы екі лаңкестік әрекетке қатысы бар деп күдікпен сегіз адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Press TV арнасы. Олардың жетеуі елдің солтүстігіндегі Альборз провинциясының Фардис қаласынан табылған, тағы біреуін Кередж қаласының полициялары ұстады. Жұма күні Иранда шабуылға қатысы бар деп күдікпен 41 адам қамауға алынды. Тінту барысында құқық қорғау органдары ұсталғандардың үйлерінен көп жарылғыш заттар, қару-жарақ және бомба әзірлеуге арналған материалдарды тапты. Жергілікті билік мәліметінше, ұсталғандардың барлығы экстремистік ұйымдарға астыртын қызмет еткен. Террористік шабуыл 7 маусымда, сәрсенбі күні Иран астанасында болды. Лаңкестер парламент ғимараты және Аятолла Хомейни кесенесіне шабуыл жасаған.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда