jasqazaq.kz

Иран парламентінде атыс болды (видео)

07 маусым 2017, 13:52

Иран парламентінде белгісіз біреу атыс шығарып, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үш адам жарақат алды.

Басылымның мәліметінще, қаза тапқан ер адам мен жарақат алған екі адам парламентте күзет қызметінде жұмыс істеген. Ал үшінші зардап шеккен адам келушілердің бірі екен. Tasnim агенттігінің мәліметінше, атыс әлі жалғасып жатыр. Белгісіз біреулер бірнеше адамды кепілге алған. Олардың кім екені және неліктен атыс шығарғаны әлі белгісіз. Бірақ Mehr агенттігінің мәліметінше, атыстан сегіз адам зардап шекті. Бірақ агенттіктің дереккөздері Иран қауіпсіздік қызметіндегілердің адамдардың кепілге алынғаны жайлы мәліметті әлі растамағанын айтады. Жергілікті БАҚ-тарда шабуыл жасаған ер адамның қамауға алынғаны хабарланды, бірақ ол мәлімет расталған жоқ. Сондай-ақ, Тегеранның оңтүстігіндегі мазарда атыс болғаны және зардап шеккендердің бар екені хабарланып отыр. ISNA агенттігінің мәліметінше, бес адам жарақат алған және қаза тапқандар да бар. Осыған байланысты екі адам қамауға алынған.

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда