jasqazaq.kz

Ипотекаға үй алған әскерилер далада қалуы мүмкін

27 шiлде 2017, 11:43

Отан үшін деп жүріп, далада қалатын жайы бар. Алматы әскери гарнизонының жүзден аса қызметкері ипотека арқылы алған баспаналарынан айырылуы мүмкін. Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан ипотекалық компаниясы арасындағы келісім-шарт бұзылып, «Ақкент» ықшамауданында қоныс тепкен 102 отбасыға пәтерлеріңді босатыңдар деген хабарлама келген. Күтпеген жерден суыт хабар алған әскерилер енді қайда барарын білмей дағдарып отыр.

Жап-жаңа 3 бөлмелі пәтер Динараға 2015 жылдың қараша айында тиген. Екі жылға жуық емін-еркін тұрып жатқан ол күйеуі екеуі алты баланы асырап отыр. Оның төртеуі қайтыс болған сіңлісінен қалған. Бесеуі мектепке барады, тағы бір қызының мүмкіндігі шектеулі. Осындай жағдаймен аяқ астынан далада қалатынын естіген Динара енді барар жерім жоқ дейді.

Динара, Алматы гарнизонының әскери қызметкері:

— Бүйтіп үйімізден қуып шығады деп ойламап едік. Кезінде қолымызға үйдің кілті тигенде жүрегіміз жарылардай қуанып едік, қазір үйімізден айрылып етегіміз жасқа толып отыр. Маған енді тамыздың 13-і күні пәтерді босат деген хабарлама жіберіпті.

Бұл әскерилерді үймен қамту мәселесі 2014 жылы келісіліпті. Қорғаныс министрлігі Қазақстан ипотекалық компаниясына ақшасын төлеп тұратын болып, 102 отбасын осы «Ақкент» ықшамауданына орналастырған. Бірақ, өткен жылдың желтоқсан айынан бері бір тиын төленбегені жақында ғана белгілі болыпты. Жағдайды түсіндірмек болған жергілікті әскери басшылар баспананы сақтап қалудың басқа жолын ұсынып көрген екен.

Самал Тұрғанбаева, әскери қызметкердің жұбайы:

— Өз аттарыңа жазып алыңдар деді де барып «КИК-ке» басқаша келісімшарт жасаңдар деді. Договорға қол қойғаннан кейін өздерің ай сайын 210 мыңнан төлеп тұрасыңдар деді, болды. Сендерге компенсация төлейміз дейді. Бірақ, жаңа заң бойынша, 2018 жылдан бастап компенсация тоқтатылады.

Бірақ, 60-70 мың жалақымен күнелтіп отырғандар ай сайын 210 мың теңгені қай қалтасынан алып берерін білмейді.

Ипотекалық компания Қорғаныс министрлігіне қарызды өтеу қажеттігі туралы бірнеше рет ескерту жасағанымен, шенділер тарапынан мардымды жауап болмапты. Министрлік мәселенің мән-жайын тілшілерге де түсіндіріп беруге асығар емес. Ал Отан үшін ант беріп қызмет етіп жүрген жүзден аса қызметкердің ендігі жайы белгісіз. Үйді босатыңдар деген ескерту алған әскерилер пәтерлерін жиыстырып, көшуге дайындалып та жатыр.

ktk.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда