jasqazaq.kz

«Инженер-гидролог такси жүргізуге мәжбүр». Депутат еңбек нарығындағы түйткілдер туралы айтты

14 қазан 2024, 13:11

Мәжілісте өткен «Қазақстанның еңбек нарығын дамыту және кадрлық әлеуетін нығайту» атты Үкімет сағатында Асхат Аймағамбетов еңбек нарығындағы теңсіздік пен маман тапшылығы туралы мәселе көтерді. Ол жуырда таксиге мінгенде Сержан деген жүргізушінің мамандығы инженер-гидролог болса да, жолаушы тасымалдаумен айналысуға мәжбүр екені туралы әңгімеледі. Себебі инженер-гидрологтың жалақысы көнкөріске жетпейді дейді.

Осы орайда депутат: «Біз маман жетіспейді дейміз, бірақ «гидромелиорация» мамандығына бөлінген гранттарға бірде-бір адам өтініш бермеген. Конкурста 0 адам болды. Көлік құрылыстары бойынша бөлінген 300 гранттың тек 29-ына адам қабылданды, яғни бір грантқа 0,1 адам келіп отыр. Бұл мысалдар кадр тапшылығы күрделі мәселе екенін айқын көрсетеді. Проблема тек грант санында әлде оның дұрыс бөлінбеуінде ғана емес. Тіпті, оларды дайындайтын колледждер мен университеттердің болмауында немесе олардың оқыту сапасында еместігі бәрімізге анық деп ойлаймын», — деді.

Аймағамбетовтың айтуынша, 2008 жылдан бастап жұмыспен қамтудың 5 бағдарламасы қабылданды. Сонда әр екі жыл сайын жаңа бағдарлама қабылданып отырған.

«Олар қандай нәтиже берді? Егер жұмыспен қамту шараларын негізгі құралдары мен әдістері арқылы талдайтын болсақ, осы жылдар бойы концептуалды түрде айтарлықтай өзгермегенін және негізінен уақытша сипатта болғанын байқаймыз. Біз әлі күнге дейін көбінесе «тізесі шыққан» шараларды қолданудамыз. Жаңа жүйелі шаралар аз, сол баяғы уақытша жұмыс орындарын құру, оқыту және қайта оқыту, шағын несие беру және басқалары. Ал жергілікті деңгейде бұл шаралар қоғамдық жұмыстарға тартудан, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынудан және жастар практикасынан аса алмай отыр. Осы шаралардың қаншалықты тиімді екенін де зерттеп жатқан ешкім жоқ», — дейді ол.

JQ-Aqparat

Сурет: parlam.kz
30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды