jasqazaq.kz

«Интим суреттерді жариялаймыз». Астаналықтан 38 млн теңгені қорқытып алғандар құрықталды (Видео)

13 желтоқсан 2023, 14:47

Астаналық полицейлер бірнеше жыл бойы тұрғынды қорқытып, 38 млн теңгеге жуық қаржыны иемденген бопсалаушыларды ұстады. Polisia.kz хабарлағандай, 31 және 46 жастағы екі ер адам бірнеше жыл бойы астаналықтан ақшаны қорқытып алған. Олар психологиялық қысым көрсету арқылы, интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытып, 2019 жылдан бастап ер адамды бопсалаған. Бірнеше жыл ішінде астаналық азамат бопсалаушыларға жалпы сомасы 38 млн теңгеге жуық ақша берген. Күдіктілердің бірінің талабын орындау үшін жәбірленуші өзінің Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін ломбардқа тапсырып, 10 млн теңге берген. 46 жастағы күдіктінің кезекті бопсалау фактісінен кейін ер адам осы жылдың қараша айында полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалауға қатысы бар екі ер адамды ұстады және қамауға алды. Күдіктілердің бірі Алматы қаласында ұсталды. Жеке тексеру барысында одан есірткі заты оралған түйіншек тәркіленді. Ұсталған адамның бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Астана қаласының полиция департаменті заңнамаға сәйкес ірі және аса ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында жасалған қорқытып алу 5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын ескертеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?