jasqazaq.kz

Иман мен бірлік: дін өкілдеріне Конституциялық өзгерістер кеңінен түсіндірілді

21 ақпан, 15:42

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек шаһардағы дін өкілдерімен кездесіп, Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Басқосу барысында ел дамуы, қоғамдық тұрақтылық және рухани тұтастық мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесуде имамдарға конституциялық реформалардың мазмұны мен стратегиялық маңызы баяндалып, қоғам бірлігін сақтау жолындағы ортақ міндеттер айқындалды. Сәрсен Абайұлы өз сөзінде қазақ қоғамының негізін құрайтын дәстүр, салт, имандылық пен жауапкершілік құндылықтарына ерекше тоқталды.
– Қазақ халқы қашанда дәстүр мен салтты, ұят пен иманды жоғары қойған. Дәстүрлі қоғамның өкілдері ретінде осы құндылықтарды сақтау – баршамызға ортақ міндет, – деді ол.
Жиын барысында Құрылтай институтының рөлі, халық кеңесі форматы, сондай-ақ білім мен ғылымның ел дамуына қосатын үлесі туралы пікірлер айтылды. Мемлекеттің негізі саналатын жер тұтастығы қағидаты да ерекше назарда болды.
Сонымен қатар мемлекеттік тілдің мәртебесі мен ел бірлігінің маңызы кеңінен қозғалды. Мемлекеттік тілдің тұғыры берік болуы – мемлекеттіліктің басты белгілерінің бірі екені атап өтіліп, елдік мүдденің ең алдымен бірлікпен өлшенетіні айтылды.
Кездесу барысында ұсынылып отырған Жаңа Конституция жобасының 11 бөлімнен, 95 баптан тұратыны, құжаттағы нормалардың 84 пайызы жаңартылғаны жеткізілді. Аталған өзгерістер басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталғаны атап өтілді.
Жиын қорытындысында дін өкілдері қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел бірлігін нығайту бағытындағы жауапкершіліктері зор екенін айтып, Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы