jasqazaq.kz

ІІМ: Осы айда 160 есірткі қылмыскері ұсталып, 2 есірткі зертханасы таратылды

20 қараша 2023, 10:15


ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері өңірлік бөліністермен бірлесіп, осы айдың басынан бастап есірткінің ірі партияларын тәркілеп, бірқатар қылмыскерді ұстады.
Синтетикалық есірткі өндіретін екі есірткі зертханасы жойылды. Келіп түскен ақпарат бойынша жедел қызметкерлер Алматы қаласында Жамбыл облысының екі тұрғынын ұстады, олардың автокөлігінің салонында 152 кг гашиш табылып, тәркіленді.
Алматы полицейлері қаланың 24 жастағы тұрғынын ұстады, оның көлігінде жасырып сатуға дайындалған 1,2 кг психотроптық зат мефедрон табылды. Семейлік полицейлер интернет-дүкеннің есірткі жасырушысы болып жұмыс істейтін Павлодар облысының екі тұрғынын құрықтады.
Олардан бір кг «а-PVP» психотроптық заты тәркіленді. Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Тінту барысында оның жалдамалы пәтерінен есірткі жасау үшін пайдаланылатын жабдықтар, екі шыны колба, канистр және 1,5 кг мефедрон табылып, тәркіленді.
16 қарашада Алматы облысы Ұзынағаш кентінде полиция қызметкерлері есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады. Үйдің аумағында орналасқан контейнерді тінту барысында үш тоннадан астам прекурсор, электрондық таразылар, реактор, шыны колбалар және 30 кг дайын мефедрон психотроптық заты тәркіленді.
«Қараша айынан бастап ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері заңсыз айналымнан 208 кг түрлі есірткі заттарын тәркіледі», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?