jasqazaq.kz

ІІД өкілдері Мұрат Телібековтің ұсталуына қатысты пікір білдірді

20 желтоқсан 2017, 12:25

Алматы қалалық ІІД өкілдері қоғам белсендісі Мұрат Телібековтің не себепті ұсталғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, оның ұсталуы алдында Бостандық ауданында 32 жастағы ер адам жүрегі тоқтап қайтыс болған. «Ер адам Тимирязев көшесімен көлігімен келе жатқан да, әлсіреп қалған, көлігін тоқтатқаннан кейін жүрегі тоқтап, қайтыс болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның өлімін растаған. Оқиға орнына Бостандық аудандық ІІБ жедел тергеу тобы мен марқұмның туыстары бар. Қажетті процестік шаралар барысында Мұрат Телібеков келіп, туыстарының рұқсатынсыз мәйітті видеоға түсіре бастаған», — деп хабарлады Әзірбек. Айтуынша, марқұмның туыстары Телібековке бірнеше рет ескерту жасаған, бірақ ол видеоға түсірмеу және оқиға орнынан кету туралы талапты елемеген. «Салдарынан Телібеков пен марқұмның әкесінің арасында жанжал шыққан. Бұл әрекет тоқтамағандықтан, жол полициясы экипажы Телібековті оқиға орнынан алып кетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аудандық ішкі істер басқармасына жеткізген. Ол марқұмның әкесінің үстінен арыз жазды, сосын ол жіберілді. Телібеков ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына қатысты арыз жазбады», — деді ол.

21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда