jasqazaq.kz

Игі істер марафоны: Астана коммуналшыларына шай мен бауырсақ берілді

08 қантар 2024, 23:20

Елордалық еріктілер түнгі уақытта қар тазалау жұмысына жұмылдырылған коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қардың мол жаууына байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Күндізгі ауысымға 1700-ден астам арнайы техника мен 2500-ге жуық жол жұмысшы көшелерді қардан тазартуға шықты. Өткен тәулікте қаладан 37 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2802 жүк рейсін құрайды.

Түнгі ауысымға қар тазалауға 1500-ден астам арнайы техника мен 400-ге жуық жол жұмысшы шықты.

 

Бүгін қар тазалаумен айналысатындардың барлығына еріктілер бауырсақ пен ыстық шай таратады.

Мұндай игі іс қаланың барлық ауданында жүргізіледі.

«Бейтаныс адамдарға қамқорлық көрсетіп жүрген еріктілерге алғысымыз шексіз. Бұл жүреккежылулық сыйлайды», – дейді жол қызметкерлерінің бірі.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 508 140 текше метр қар шығарылды, бұл 111 мыңнан астам ауыр жүк рейсін құрайды.

Еріктілер ыстық шай мен бауырсақтарды таратумен қатар, қар тазалауға көмек көрсетеді, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға азық-түлік себеттерін тасымалдайды, қарт кісілерге отын кесуге көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада игі істер марафоны өтіп жатыр. Акцияның басты мақсаты – еріктілер мен тұрғындарға халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарына, қарт адамдарға, мұқтаж зейнеткерлерге барынша көмек көрсету.

JQ-Aqparat

Суреттер: Астана әкімдігінің ресми сайты

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?