jasqazaq.kz

Хромтау тұрғыны тегін виски ішем деп тұтылды (Видео)

08 желтоқсан 2023, 18:03

Бір ай ішінде дүкеннен 13 рет ішімдік ұрлаған Хромтау тұрғыны ұсталды. Polisia.kz. хабарлағандай, 29 жастағы жігіт бір ай ішінде Хромтау қаласында орналасқан супермаркеттердің біріне 13 рет келіп, 1 бөтелке ішімдікті әкетіп жүрген. Бір қызығы, оны 8 мың және 9 мың теңге тұратын виски ғана қызықтырған. Қараша айының басында супермаркетке келген азамат сөреден 1 бөтелке вискиді күртесінің ішіне салып жасырын алып шыққан. Мұны ешкімнің байқамағанын білгеннен кейін ол ертеңіне дәл сол жерге тағы келіп, тағы да біреуін алып шыққан. Дәніккені сонша, бір күнде екі рет: түске дейін және түстен кейін келіп, әрқайсысында 0,5 немесе 0,7 литрлік бір бөтелке вискиді ұрлаған.
Бұл туралы полицияға желтоқсан айының басында 43 жастағы кәсіпкер арызданды. Ұрланған алкоголь өнімдерінің салдарынан кәсіпкерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 100 мың теңгеден асты. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу және бейнекамералардың жазбасын зерделеу барысында полицейлер күдікті хромтаулық жігітті анықтап, ұстаған. Ол ұрлаған алкогольдік өнімдердің барлығын ішіп қойғанын мойындады. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 187-бабымен қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?