Ақтауда хирургтар емделушінің асқазанынан екі бірдей қасықты алып шығарды.
Қасықтардың ұзындығы 7-8 сантиметр шамасында. 27 жастағы ер адамның дәрігерлерге айтуынша, ол өзін өлтіргісі келіпті. Оның ауызынан қасықтарды шығара алмағаннан кейін, операция жасауға тура келген.
Маңғыстау облыстық ауруханасы видеоэндоскопиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі Талғат Мұқантаевтың сөзінше, операция ер адамның ішін үш жерден тесіп, органдардың бүтіндігін сақтай отыра жасалып шыққан.