jasqazaq.kz

ХХ Азия ойындары: Шымкенттен қатысқан оқушы ерледі!

16 мамыр 2024, 14:25

Шымкент қаласында спортты серік етіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген жасөспірімдердің қатары көбейіп жатыр. Шымкент қаласы Білім басқармасының мәліметінше, Гонконгте өткен Азия ойындарында батутта секіруден жасөсіпірімдер арасындағы сайысқа Жақсылық Әбілмансұр қатысты. Қаршадай ғана қазақ баласы «сен тұр мен атайын» деген шетелдік спортшыларымен бақ сынасты. Жай ғана сынасқан жоқ, жеңіс тұғырына көтерілгендер қатарынан көрінді.

Турнирге Қытай, Жапония, Өзбекстан және тағы басқа он мемлекеттен өздерінің кіл мықтылар қатысты. Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Жақсылық Әбілмансұр Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды. Шымкенттен барған 16 жастағы шәкірттің 25-тен аса елден келген жарысқа қатысушылардың ішінен жеңіс тұғырына көтерілуі көпшілікті елең еткізген оқиға болды.

Жерлесіміз батут гимнастикасынан финалдық жарыста өнер көрсетіп, ІІІ орынды иеленді. Айта кетейік, Әбілмансұрды 2014 жылдан бері жоғары санатты жаттықтырушы, спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Любовь Андронова жаттықтырады.

Әбілмансұр 4 жасынан бастап батут гимнастикасымен айналысады. Халықаралық спорт шебері, жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы. Төрт жасынан бастап спортпен айналыса бастаған қаршадай қазақ баласының жетістіктеріне тоқтала кетейік.
2023 жылы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатында (26.01-01.04.2023) батуттық гимнастика ІІ орын алды.
13-14 жастағы балалар арасында Қазақстан чемпионаты (16-22.05.2023) І орынды иеленді.
Павлодарда өткен халықаралық турнирде (23-28.06.2023) ІІІ орын.
2023 жылы Қазақстан чемпионатында (15-21.09.23) ІІ орын;

Англияның Бременгем қаласында өткен әлем чемпионатына қатысып қайтты.
2024 жылы — Петропавл қаласында Л.И. Ямкольский атындағы халықаралық турнирде (12-17.01.2023) І орынды жеңіп алды.
Алматы қаласы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты (18-24.03) І орын;
ҚХР Гонконг қаласы Азия чемпионаты (9-13.05.2024) ІІІ орын.

Елімізде, оның ішінде Шымкентте С.Нұрмағамбетов атындағы №72 мектептен батуттық гимнастикадан әлем чемпионы шыққаны қуантады. Жас спортшы болашақта әлемдік додаларда жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?