jasqazaq.kz

Халықаралық бақылаушы: Қазақстанда референдум ашық әрі жоғары деңгейде өтіп жатыр

15 наурыз, 13:30

Астанадағы №282 референдум учаскесіне Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Бударина халықаралық бақылаушы ретінде барып, дауыс беру процесімен танысты.
Ол учаскедегі ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде екенін атап өтті. Н.Бударинаның айтуынша, азаматтардың еркін әрі объективті түрде дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған.
«Біз кеше де, бүгін де бірнеше учаскені аралап шықтық. Барлық жерде дауыс беру процесі заң талаптарына сай ұйымдастырылған. Жалпы атмосфера өте жақсы – кейбір жерлерде музыка ойнап, ән айтылып жатыр. Мұның бәрі бүгінгі күннің ерекше әрі маңызды екенін сезіндіреді. Бұл Қазақстан үшін маңызды күн,– деді Наталья Бударина.
Халықаралық байқаушы учаскелердегі атмосфераның да ерекше екенін айтты. Оның сөзінше, кейбір учаскелерде музыка қойылып, мерекелік көңіл күй байқалады.
Тағы бір ерекше атап өткім келетіні – көптеген адамдардың учаскелерге отбасымен, тіпті кішкентай балаларымен бірге келіп жатқаны. Бұл өте дұрыс үрдіс деп ойлаймын. Өйткені осындай маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға бүкіл отбасының қатысуы – болашақ ұрпақ үшін де үлкен үлгі, – деді ол.
Сондай-ақ Бударина учаскелерде көптеген бақылаушы жұмыс істеп жатқанын атап өтті: «Тағы бір атап өтетін жайт – әрбір учаскеде көптеген бақылаушылар бар. Оның ішінде халықаралық бақылаушылар да келіп отыр. Бүгінгі оқиғаға бақылаушылардың көп қатысуы – ашықтық пен айқындықтың белгісі деп ойлаймын».

JQ-Aqparat

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді