Гүлзира Айдарбекова: Өтірік күлуім қиын, бүкіл эмоциямды көрсетіп қоямын

10 қантар, 11:41


Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде тұңғыш немересіне жазған жазбасын жариялады. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

«Сол күнгі қуанышымызда шек болған жоқ, атасы мені құшақтап аспанға жас балаша секіріп, ұйықтап жатқан Қайратқа жүгіріп барып, қуаныштан айқайлап оятқанда, Қайрат ұйқылы ояу шошып тұрды. Екеуіміз киіне сала перзентханаға зуылдап жетіп бардық. Үстімізге халатты іле сала жылдамдықты күшейтіп, туфлиімнің дыбысы бүкіл бөлмеге естілетіндей күйде келемін түрім суық. Жұлдызға жалт қарадым, амандаспастан, бөпемізге жетіп бардым да, жылдам жаялықтарын ашып жатқанымды көріп, медбикелер де келінім де аң-таң. Сондағы бар ойым 12 мүшесі сау ма, түрі кімге ұқсайды. Бәрі дұрыс, тек мен күткен қыз аппақ, көзі танадай Жұлдызға ұқсаған қыз болуы керек еді, көзі сығырайған қап-қара қыз жатыр. Сасқанымнан Жұлдызға қарап, неге саған ұқсамаған деп жалт қараппын. Содан кейін барып, келінімді сүйіп құттықтап, бәріне сүйінші таратып, немеремді иіскеп мәре-сәре болдық», – деп еске алады өнерлі әже.
Үш ұлдың анасы қыз армандағанын да жасырмады.
«Менің негізі өтірік күлуім қиын, бүкіл эмоциямды көрсетіп қоямын. Босанды дегенді есітіп қуаныштың көз жасы онда бар, қатты қуанғаныммен, жол бойы уайымдап қорқып барғанмын ғой, соны жасыра алмағанымды әлі күнге дейін еске алып күліп отырамыз. Қыз армандаған анамын, содан ойыншық көрсем де, киім көрсемде өтіп кетпей үйге таси беретінді шығардым. Мына видеоның ішінде титтей бөпе Сезімнің басындағы паригі, өзімен бірдей қуыршақты Қытайдан арқаланып, алып келгенбіз атасы екеуіміз, сол қуыршақтың паригі. Менің өмірімдегі ең қуанышты, жүрегімде ерекше сезім орнатқан қызыма сол себепті ойлана-ойлана Сезім деп есімін өзім қойдым. Сезімім, сезімтал қыз болып өсіп келеді. Алла бақ берсін!», – деп жазды продюсер.

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу