Гүлзира Айдарбекова: Өмірдің мәні күйеуді биіктетуден басталады

04 қантар, 12:20

Гүлзира Айдарбекова жалғыз өзі демалғанды жөн көргені туралы сөз етті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

«Бұл жолы Вьетнамға жалғыз келдім. Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасқан. Жұбымыз жанымызда болса ғана бәрі әдемі болады. Алла өмір берсе, әлі талай елді аралаймыз. Вьетнам елінің тамағы Нұрекеңе ұнамайды, «ол жақтың тамағын жей алмаймын” деп қалып қойды”, – дейді продюсер.

Сондай-ақ өнер иесі жұбымен бірге көбірек саяхаттауды насихаттайтынын жеткізді.

«Кейде уақыт салып, бір-бірінен алыстап бөлек саяхаттаған да дұрыс. Бірақ ұзақ уақытқа емес. Сағыныш деген ол да керемет сезім. Шетелге бармаймын, өзің бара бер дейтін Нұрекеңді екі жылда қаншама жерге баруға көндіріппін. Германиядан бастап, Америка асыппыз. Нью-Йорк, Чикаго, Майами қалаларына саяхаттадық. Бәрі Гүлекеңнің арқасы болып тұр ғой. Ер-азаматты өзіңе деген махаббатыңа қарай көндіре беруге болады. Тек көңілге кір салмайтын жақсы дүниелер болса жетіп жатыр. Нәтижесін көргеннен кейін, сізді мойындайтын болады. Бірінші орынға өзін, күйеуін екінші орынға қою – қателік. Өмірдің мәні – күйеуді биіктетуден басталады. Ер-азамат – сіздің піріңіз”, – кеңес берді Гүлзира Үсенқызы.

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу