jasqazaq.kz

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың қашан шығатынын айтып, жан тебірентерлік видео жариялады

19 шiлде 2024, 12:39

15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртас әлі бостандыққа шыққан жоқ. Келіншегі балаларымен бірге Барселонада қыдырып жүр. Ал анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде немерелерімен сөйлескен жазбасын жариялады. «Папаңды 19-ына ұшып барып, түнде шығарып аламыз деп отырмыз», — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

«Бала-шағасына не десе де, жоқ деп айтып көрген кезі болмаған шығар, қашанда армандарын орындау бар мақсаты. Кім қай жақты қалады, бірі Барселонаға, бірі Кореяға, бірі
бірі Америкаға, бәрінің арманын орындап, түгел білгендей төлемдерін жасап кетсе де, ана жақта отырса да, не сұраса да салып отырсыншы деп, бала-шағам қиналып қалмасын деп адвокаты арқылы жеткізіп, уайымдаумен отырды. Бір жаққа барамын, не аламын десе, мен де солай жоқ деп айта алмаушы едім бала-шағама, Алла сол пейіліне беріп жатқан шығар деп қоямын кейде. Жүрегімізден мейірім кетпесін. Қайрат маған кейде, түнімен ұйықтамай уайымдап отырған мені көріп «анашым мені қатты жақсы көрмеңізші» дейтін. Қашан да түзде жүрген соң уайымсыз күнім болмайды ғой. Бірақ та жүрегіңе Алланы салып, сол Аллаға амандығын тапсыруымыз керек екенін біліп тұрып, қатты жақсы көретінімізді байқамай қаламыз. Ана баласын қатты жақсы көрсе сол баласымен сынайды, ал ұл-қыздарың өмірлік жарын қатты жақсы көрсе, сүйіктісімен сынайды деген. Қандай сынақ берсе де жеңілдігімен берсін деп тілейік. Алла бұйыртса құлынымның құлыншақтары шексіз қуанатын күндері көп болсын», — деп жазды ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?