jasqazaq.kz

Гүлзира Айдарбекова: Далада жүрген жоқ қой, әкесі ай сайын миллион төлеп отыр

08 желтоқсан 2023, 11:04


Гүлзира Айдарбекова келіні мен немерелерінің қайда тұратыны жайлы сөз етті.
«Ескірмеген, ескірмеген махаббат…
Адам баласы өмірдің төрт кезеңін басынан өткереді. Сәби шақ, жастық шақ, орта буын және қарттық. Төрт кезеңде де өлмейтін, қартаймайтын дүние бар, ол – махаббат. Махаббат адамның жүрегінде тұтанып, санасына, бойына таралатын ұлы сезім.
Өлмейтін махаббатты жасаушы да өзіміз. Дәл осылай қол ұстасып, бала-шаға, немерелердің ортасында бақытты болып жүрген кезге не жетсін.
Әдемі қартаю да бір бақыт, сол бақытты баршамызға нәсіп етсін!», – деп жазды продюсер.
Оқырмандары Қайрат пен Жұлдыздан туған немерелерін де іздеді. “Үлкен немерелері де жандарынан табылғанда керемет болар еді” деп жазған оқырманына продюсер: “Шақырғанбыз, сабақтарынан босай алмады. Оларды күте алмай жолға шығып кеттік. Ортаншы ұлдың ұл-қызы мектепке бармағасын түсірдік” деп жауап берді. Енді бір оқырман “Қайраттың пәтеріне келгенсіздер ме, ол жақта Жұлдыздар тұрмаушы ме еді» деген сұрағына: «Жұлдыз пәтерін сатып, коттедж алған жоқ па?!. Біткен жоқ әлі, бітсе кірер. Оны неге уайымдап отырсыз? Далада жүрген жоқ қой, әкелері ай сайын миллион теңге төлеп отыр бітпеген пәтеріне. Жағдайлары жасаулы, ақшасын аяп жатқан жоқ, отбасы қалай жүріп-тұрса да” деп жауап қатты.
JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?