jasqazaq.kz

Гүлзира Айдарбекова: Аула сыпырып жүріп үй алдық

01 желтоқсан 2023, 15:44


Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова алғаш рет пәтер алған кезін еске алды. Пәтер алу жолына қандай қиындыққа тап болғанын да әлеуметтік желіде оқырмандарына бүкпесіз баяндады.
Продюсердің айтуынша, жолдасы Нұртас екеуі екі жақтан тер төккен көрінеді.
“Нұрекем де күндіз-түні тынбай жұмыс істеп, үйге ақша жинады. Жас отбасы болғандықтан, менің де көмектескім келді. Аула сыпырушы болып жұмысқа орналастым. Көшеде жүргенде қатты қорқатынмын. Таныстар мен көршілер көріп қоймаса екен деп бетімді жерден алмай сыпыра беретін едім. Үлкен әже болып киініп, тек көзімді ғана ашып жүру қиын болса да, шыдадым. Жұмыстан намыстанып тастап кеткім де келген күндер болды. Бірақ мақсатымыз айқын болғасын соңына дейін көнуге тура келді. Сол кезде арсыздықпен ақша таппай, адал еңбекпен жұмыс істегеніме қуанамын. Бірақ аула сыпырушы жұмысынан шықтым, екінші мүмкіндіктің ашылатынын білдім”, – дейді продюсер.
Сондай-ақ тұңғышы Қайратқа жүкті кезде саудамен айналысқанын да жасырмады.
“Қайратқа айы-күнім жетіп, ауылға босануға бардым. Сол кезде ауылдың дүкендерінде импорт деп аталатын киімдер келіп жатыр екен. Ол кезде ешкім бренд деген сөзді білмейді. Сол киімдердің бәрін сатып алып, жоспарымды өзгертіп, қалаға әкеліп таныс қыз-келіншектерге саттым. Қалада ондай киімдер қымбат әрі тапшы. Нұрекеңе саудаға шығатынымды айттым. Ол да қарсы болмады. Ауылдан әкелген киімді бір күнге жетпей, жатақханада тұратын қыз-келіншектер талап алып кетті. Күніне 200-300 сом ақша таптық. Нұрекең екеуіміз 15 күнде алғашқы көлігімізді алдық. Көп ұзамай армандаған бір бөлмелі пәтерге ие болдық”, – деп еске алды продюсер.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?